Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өгей әкесі қызын зорламақ болды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Бетін басып, ойыншығын құшақтаған қыз
Кішкентай қыз. Көрнекі фото: getty/stock photo

Алматы облысында өгей әке кәмелетке толмаған қызын зорламақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Полиция департаменті бастығының мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамызда Қарасай аудандық полиция басқармасына 1966 жылғы әйел кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық қатынас жасауға тырысқан ер адамға қатысты шара қабылдау туралы арызданған.

Бауыржан Аленовтың сөзінше, дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3 -бөлігі 120-бабының 3-1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1981 жыл ғы М. есімді күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұсталған адамның жәбірленушінің өгей әкесі екендігі анықталды. Кәмелетке толмаған бала туыстарының үйінде болған кезде, ол оқу орнын таңдау керектігін сылтау етіп онымен жыныстық қатынасқа түсуге тырысқан", - деп жазды парақшасында Бауыржан Аленов.

Қазіргі уақытта аталған деректі шешу мақсатында оның толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар тергеу барлық қажетті сараптамаларды тағайындап, күдіктіні заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.

Полиция департаменті бастығы тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031105-almaty-oblysynda-ogei-akesi-qyzyn-zorlamaq-boldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel