Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"11 жастағы қызына жыныстық зорлық жасаған": Астанада бұрынғы әскери қызметшіге қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

сот залы
Сот залы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау гарнизонының бұрынғы әскери қызметшісіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура ресми сайтында хабарлады.

"Соттың үкімімен бұрынғы-әскери қызметші Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігінде (жас баланы зорлау), 121-бабының 4-бөлігінде (жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 124-бабының 3-бөлігінде (жас баланы азғындық жолға түсіру) көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төтенше қауіпсіз мекемесінде ұстаумен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталды", - делінген сот хабарламасында.

Бас әскери прокуратура мәліметінше, сот үкімінде С-ға қатысты химиялық кастрация түрін мәжбүрлеп қолдану ұйғарылған.

"Әскери қызмет кезінде ер адам өзінің 11 жастағы қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны анықталды. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген", - деп жазды құзырлы орган мәліметінде.

Құзырлы орган ақпаратынша, сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушының жасаған іс-әрекеттерінің ауырлығын ескере отырып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажеттілігі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031109-11-zastagy-qyzyna-zynystyq-zorlyq-zasagan-astanada-buryngy-askeri-qyzmetsige-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel