Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық кәсіпкерді келісімшарт мерзімін ұзарту үшін 1 млн доллар пара беруге итермелеген

Опубликовано:

Конверттегі ақша
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ол кәсіпкерді Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген. Күдікті аталған жер қойнауын лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 млн АҚШ долларды жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда.

Бүгінде іс материалдары сотқа берілді.

Сондай-ақ Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандықтардың есепшотынан 65 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған. Шымкентте өткен сот отырысында алаяқтық жасады деп айыпталған алты адам сотталғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031140-qazaqstandyq-kasipkerdi-kelisimsart-merzimin-uzartu-usin-1-mln-dollar-para-beruge-itermelegen/

pixel