Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада дүкеннен 200-ден астам бөтелке сыра ұрланған

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Астанада тәртіп сақшылары гипермаркеттен сыра ұрлаған азаматтың қылмысын әшкереледі. Күдікті 31 жастағы сатып алушы болып шыққан, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Алматы ауданының полиция қызметкерлері гипермаркеттен бірнеше мәрте сыра ұрлаған әйелді анықтады. Бірнеше ай ішінде әйел дүкенге келген сайын кассаның маңынан бірнеше бөтелке сыра алып өткен", - деп хабарлады ведомстводан.

ІІМ дерегінше, дүкеннен 200 бөтелкеден астам сыра ұрланған. Сотқа дейінгі тергеу барысында 41 жастағы астаналық қылмысты мойындап, түсініктеме берген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031166-elordada-dukennen-200-den-astam-botelke-syra-urlangan/

pixel