Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола тұрғыны жалған банк қызметкеріне 9 млн теңгеге алданды

Опубликовано:

Қоңырау шалу
Қоңырау шалу. Фото: pexels.com

Алаяқтар ақмолалық тұрғынды 9 млн теңгеден астам қаражатқа сан соқтырды. Олар қосымшаның көмегімен әйелдің жеке кабинеттеріне қол жеткізіп және оған әртүрлі банктерде онлайн-кредиттер ресімдеп, сондай-ақ оның шотындағы 556 мың теңге сомасында сақталған ақшалай жинақтарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жәбірленуші 27 шілде күні полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы өтініш білдірген.

Полиция мәліметінше, әйелдің ұялы телефонына белгісіз қыз қоңырау шалған. Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, өтініш берушінің деректерін нақтылай келе, оның атынан 15 млн теңге сомасында несиеге 4 өтінім берілгенін хабарлаған. Белгісіз қыз әйелге мұны алаяқтар жасағанын және несие беруден бас тарту үшін шұғыл түрде белгілі бір операциялар жасау керек екенін айтқан. Күдікті әйелге телефонына жедел түрде "RustDesk" қашықтан қол жеткізу қосымшасын жүктеуді талап еткен.

Полиция мәліметінше, әрі қарай жәбірленушімен күдіктінің сыбайласы "жұмыс істеген". Ол осы қосымшаның көмегімен әйелдің жеке кабинеттеріне қол жеткізіп және оған әртүрлі банктерде онлайн-кредиттер ресімдеп, сондай-ақ оның шотында 556 мың теңге сомасында сақталған ақшалай жинақтарды ұрлап кеткен. Жалпы шығын көлемі 9 млн 114 мың теңгені құраған.

"Осы дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі яғни алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған. Қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарланды Polisia.kz сайтында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031184-aqmola-turgyny-zalgan-bank-qyzmetkerine-9-mln-tengege-aldandy/

pixel