Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 6 айлық сәбиінен айырылған ата-ана дәрігерлердің жауапқа тартылуын сұрайды

Опубликовано:

Сәби
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысындағы ауруханада көз жұмған 6 айлық сәбидің ата-анасы баланың өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп құзырлы органдарға жүгінген. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, ата-анасы ақ халаттылардың салғырттығынан нәрестенің денсаулығы нашарлап, ақыры көз жұмғанын айтқан.

"Олар ұсынған дәріні алдым, жақсы көмектеседі деген еді. Баланың өліміне себеп болды. Нұсқаулықтағы "3 жастан жоғары" деген мәтінді кейін оқып қалдым. Аяғы ауыр әйел мен кішкентай бала ішсе, аллергия беретіні анықталды", – деді баланың анасы Бибігүл Байгелова.

Тілшілер мәлім еткендей, 6 айлық сәбиінен айырылған ата-ана баланың өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Олардың айтуынша, еңбектеп, тәй-тәй басқан сәбидің Шамалғандағы ауруханада жағдайы нашарлай түскен. Үш күн ауруханада жатқан баланың денесін мәйітханадан алған.

"21 шілдеде түстік, 23 шілдеде баланы шетінетіп берді. Бар болғаны 3 күннің ішінде сондай жағдайға алып келді. Сол күні 1 сағат ішінде денесін қолыма бере салды, – деді баланың әкесі Ербол Өстемір.

Ата-ананың айтуынша, баланың қызуы көтерілгенде ауруханаға бірден қабылдамаған. Аудан ауылға, ауыл ауданға сілтеген. Ауру асқынғанда ғана сәбиді бақылауға алып, ем-дом жасауға кіріскен көрінеді. Анасының айтуынша, дәрігерлер түрлі дәрі алдырған. Соның бірін тек 3 жастан кейін ғана қолдануға болады екен.

"Ауруханада толық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, 23 шілдеде бала қайтыс болды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қорытындысын аяқталған кезде айтамыз", – деді Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары Дәулет Қожақов.

Телеарна ақпаратынша, ұлынан айырылған әке өлімге себеп болғандар жазадан жалтарып кетпес үшін заңгерден кеңес алып, құзырлы органдарға да жүгініп отыр. Министрлікке де сауал жолдап қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031212-almaty-oblysynda-6-ailyq-sabiinen-aiyrylgan-ata-ana-darigerlerdin-zauapqa-tartyluyn-suraidy/

pixel