Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өртенген үйдің тұрғындары ресми жалға берілетін пәтер табылмайтынын айтып наразылық білдірді

Опубликовано:

Өрттен кейін тұрғындарға тұруға арналған уақытша орталық
Өрттен кейін тұрғындарға тұруға арналған уақытша орталық. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда өрттен кейін далада қалған көпқабатты үйдің тұрғындары наразылық білдірді. Олар әкімдік талабы бойынша ресми түрде жалға берілетін пәтер таба алмай жатқандарын жеткізді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, тұрғындар әкімдіктің мектепте ұйымдастырған уақытша орталығына жатқысы келмейді. Олардың сөзінше, қонақүй, аяқасты пәтер жалдау құны тым қымбат және жергілікті билік ұсынған қаржы оның біріне де жетпейді.

"Біз мынандай проблемамен кездесіп тұрмыз. Олар: "Пәтер табыңдар, ресми жалға берілетін" дейді. Бүгін талап қойдық, ондай болмаса деп. Себебі, өздеріңіз білетіндей, ресми түрде жалға беретіндер аз. Мектепте сабақ басталайын деп жатыр. Бәрі оны біліп тұр. Содан кейін бағаны да қымбат жоғары сұрап отыр. Екі-үш айға ешкім бергісі келмейді. Сол жағы бізге мәселе", - дейді тұрғын Мирас Игібаев.

Телеарна дерегінше, Ақкенттегі өрт шыққан 16 қабатты үйде 96 отбасы тұрған. Жартысынан көбі мемлекеттік бағдарламамен жалға алынған баспана.

Тілшілер мәлім еткендей, оқиға орнына келген аудан әкімі жаңа ұсыныс жасады: пәтерді әр отбасы өзі табуға тиіс. Тек бір бөлмелі баспана – 200 мың, екі бөлмелі – 300 мың, үш бөлмелі пәтер – 400 мың теңгеден аспауы қажет. Және бәрі ресми болуы міндеттелген болуы керек. Яғни әр тұрғын өзі жалдап тұратын үй иесімен жасасқан келісім құжаты мен баспананың мекенжайын көрсетуі керек. Көмек екі айға қарастырылған.

Өйткені өрт шыққан үйдегі қайта қалпына келтіру жұмысын сол аралықта аяқтайды. Бірінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін электр желісі түгел ауыстырылып, пәтерлер тазартылады. Тұрғындар өз үйіне қыркүйектің соңына қарай орала алады. Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың айтуынша, оған дейін дүние-мүліктің сақтығы да бақылауда болады.

"Депозит ол әркімнің өзінің мүлікке деген жауапкершілігі. Сондықтан депозитті өзі төлеуге міндетті. Өйткені мемлекет депозитті төлей алмайды. Бұл бірінші сұрақ. Екінші сұрақ, алаңдатып тұрған, басқа ықшамауданға кетіп жатсақ, мектепті, балалардың мектепке орналасуы, балалардың балабақшаға орналасуы деген сұрақ туындап жатыр. Ол сұрақтарға біз әкімшілік ретінде көмек береміз", - Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031221-almatyda-ortengen-uidin-turgyndary-resmi-zalga-beriletin-pater-taba-almaimyz-dep-narazylyq-bildirdi/

pixel