Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарылғыш заттар лақтырған": Атырау облысындағы төбелеске қатысты полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Құлсары. Көпірде болған төбелес
Құлсары. Көпірде болған төбелес. Видеодан кадр: https://t.me/qumash_kz

Желіде Атырау облысы Құлсары қаласындағы көпірде болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Бұл оқиғаға қатысты Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Оқырманның айтуынша, Атырау облысындағы Құлсары қаласында 5-ықшамаудандағы көпірде төбелескендер айғайлап, жанжалдасып, ұрып-соғып, жарылғыш заттар лақтырған", - делінген видеоның астында.

Облыстық ПД Атырау облысында 1 тамызда сағат 03.00 шамасында Құлсары қаласында 2003-2004 жылы туған бірнеше азаматтың қатысуымен жанжал шыққаны туралы хабарлады. Салдарынан 19 жастағы жасөспірім түрлі дене жарақатын алған.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің барлығы анықталып, олардың үшеуі қамауға алынған. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың екеуі 2004 жылы туған және біреуі 2003 жылы туған жасөспірімдер екенін айтты.

"Денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі, сондай-ақ 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - деп хабардар етті ведомстводан.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031281-zarylgys-zattar-laqtyrgan-atyrau-oblysyndagy-tobeleske-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/

pixel