Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда университет оқытушыларының ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді

Опубликовано:

Университет
Университет. Көрнекі фото: pixabay.com

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушыларына ұсынылатын ең төменгі жалақы мөлшері белгіленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдан бастап Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің, мектеп, колледж мұғалімдерінің, әдіскерлердің, қосымша білім беру саласы мұғалімдерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді.

Мәселен Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, мектепке дейінгі білім беру саласында 2023 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы 148 060 теңгені құрап, бір жыл ішінде 15,4 пайызға өсті, бастауыш білім беру саласында – 225 895 теңгені (12,9 пайыз) құрады, ал орта білім беретін мұғалімдердің орташа жалақысы – 295 276 теңге (10,6 пайызға артты).

Ал жоғары білім саласында бұл көрсеткіш 320 775 теңгені құрады. Ал жаңа заң енгізілгеннен кейін оның мөлшері тағы өсуі мүмкін.

Ғылым және жоғары білім министрі "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында профессорлық-оқытушылық құрамға ұсынылатын ең төменгі жалақыны анықтау туралы" бұйрыққа қол қойды.

Ол Қазақстан президентінің 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары оқытушыларының, ғалымдарының жалақысын көтеру туралы тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Осылайша сол күннен бастап штаттық оқытушыларға ұсынылатын ең төменгі жалақы мынадай лауазымдарға белгіленді:

оқытушыларға - 240 000 теңге; аға оқытушыларға - 276 000 теңге; доцентке - 312 000 теңге; профессорға - 420 000 теңге; ұлттық Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру профессорына - 480 000 теңге.

Сондай-ақ бұйрықта жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен профессорларының лауазымдық жалақысы ұсынылған мөлшерлемеден жоғары болса, оны төмендетуге тыйым салынады.

Ал жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалардың атқарушы органының басшыларына осы бұйрықты басшылыққа алып, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап оның орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Еске салайық, қазақстандық студенттердің шәкіртақысы да жыл сайын көтеріледі. 2025 жылға қарай оларды екі есеге арттыру жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031299-qazaqstanda-universitet-oqytusylarynyn-en-tomengi-zalaqy-molseri-belgilendi/

pixel