Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теміржолсу-Маңғыстау" бұрынғы бас есепшісі аса ірі мөлшердегі мүлікті заңсыз иемденді деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Доллар
Доллар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына ЖШС қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды", - делінген хабарлады.

Ведомство мәліметінше, күдікті мекемеден заңсыз иемденіп алған қаражатты жеке қажетттіліктеріне жұмсаған.

Соның салдарынан ЖШС-ға аса ірі мөлшерде - 225 млн теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірілген.

Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Сондай-ақ агенттік өкілі Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

Агенттікте Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031305-temirzolsu-mangystau-buryngy-bas-esepsisi-asa-iri-molserdegi-mulikti-zansyz-iemdendi-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel