jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда заңсыз жүрген 11 африкалық анықталды

Жетісу облысы Полиция департаменті орынбасарлары тағайындалды
Полиция қызметкері. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматылық полицейлер Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы полицейлері жергілікті рейд кезінде заңсыз жүрген шетел азаматтарын анықтаған.

"Тек бір аптаның ішінде Қазақстанда заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталды", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстаннан шығарылды.

"Сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шет елдердің 10 және көршілес мемлекеттердің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 23 шетелдік мемлекеттен шығарылды", – деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматыда заңсыз жүрген 11 африкалық анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.