jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Колонияда жазасын өтеп жүрген азамат оралдықтың 500 мың теңгеге жуық ақшасын алдап алған

    Полицейлердің күдіктінің ұстау сәті
    Полицейлердің күдіктінің ұстау сәті. Видеодан кадр: Полицейлер

    БҚО киберполицейлері колонияда жазасын өтеп жүрген азаматтың Орал тұрғынынан 500 мың теңгеге жуық ақша алдап алғанын анықтады. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Басылымның жазуынша, 29 маусымда белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне қызы басқа нөмірден хат жазып жатқандығы жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша ол жәбірленушінің банктік картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденіп алған.

    БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматты әшкерелеген.

    "Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекснің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазады басылым.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.