jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған блогерге сот үкімі шықты

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Тоқберген Әбиевке қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы Астана соттары Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Астана соттары мәліметінше, 2023 жылғы 4 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тоқберген Әбиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі мөлшерде қаражатты қорқытып алу фактісі бойынша үкім шығарды.

"Т. Әбиев "YouTube" арнасында 2020 жылдың маусым айынан бастап ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтері бар бейнероликтер жариялады.

2023 жылғы 7 желтоқсанда ЖШС заңгерінің барлық бейнероликтерді жою талаптарына Т. Әбиев "YouTube" бейне-хостингінен бейнероликтерді алып тастауы үшін және жария етілуі жәбірленушінің мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді тарату қаупін көрсете отырып, 50 млн теңге сомасында ақша қаражатын талап етті", - делінген хабарламада.

Сотта Тоқберген Әбиевтің кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, сыртқы және ішкі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалармен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Сот отырысында прокурор Тоқберген Әбиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс алқабилердің қатысуымен қаралған сот үкімімен Тоқберген Әбиев аталған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушының жас балаларының бар болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстық құқық юұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім кінәлінің жеке басын, сондай-ақ жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді.

"Сот үкімімен Т. Әбиев Қылмыстық кодестің 194-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған блогерге сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.