Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бильярд үстелі, сауна бар": Қостанай облысының прокуратурасы балалар лагерлерін тексерді

Опубликовано:

Бильярд үстелі
Бильярд үстелі. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының прокуратурасы Бас прокурордың тапсырмасы бойынша балалар лагерлерінің қызметінде кешенді тексерулер жүргізді. Тексеру кезінде бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлме анықталды. Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасының ресми сайтында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, тексеріс балалардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды.

"Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері, перспективалық мәзірдің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі, балалар лагерінің аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы, шайындыларды зерттеу нәтижелері ішек таяқшасы тобының бактериялар барын көрсетті. Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ведомство ақпаратынша, балалар лагерінің аумағында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлме де бары анықталған.

Прокурорлар тексеруді жалғастыруда, барлық анықталған заң бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031366-bilyard-usteli-sauna-bar-qostanai-oblysynyn-prokuraturasy-balalar-lagerlerin-tekserdi/

pixel