Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"9 балық өңдеу зауыты істейді": Аралдықтар атакәсіпті қарқынды дамытуда

Опубликовано:

Қызметкерлер
Қызметкерлер. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгінде Арал ауданы аумағында Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар. Оның 17-сі табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген, 3 көл резервте. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарланды.

Әкімдік мәліметінше, биыл Кіші Арал теңізінен 6920 тонна балық аулау лимиті бекітіліп, 6651 тонна балық ауланып, 2430 тоннасы өңделген.

"Ауданда жылдық қуаттылығы 24000 тонна 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның 2-уі "Еврокод" белгісін алған. Бұдан басқа 10-нан астам шағын балық цехы бар. Биылғы 1 шілдедегі көрсеткіштерге қарағанда, 1266 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылған", - делінген хабарламада.

Әкімдік ақпаратынша, облыста балық шаруашылығын дамыту бойынша 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама бекітілген. Бағдарламада тауарлы балық өндірісін ұлғайту үшін аудандағы 7 тауарлы көл тізімге енгізілді. Бүгінде 3 тауарлы көлге инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленді.

"Жоғарыда аталған бағдарлама аясында тоғанда балық өсіру жобасы қолға алынған. Жол картасы аясында биыл қолдан балық өсіретін 7 тоған ашу жоспары бар. Былтыр тоғанда балық өсіру бойынша 3 жоба (Ерімбетжаға, Жаңақұрлыс, Бекбауыл) іске қосылған. Тоғанда негізінен сазан, ақ амур, дөңмаңдай шабақтары өсіріледі", - деп атап өтті әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031372-9-balyq-ondeu-zauyty-isteidi-araldyqtar-atakasipti-qarqyndy-damytuda/

pixel