Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Димаштың дауысы": Игорь Крутойдың танымал әнін нақышына келтіріп орындаған жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Сәкен Әлімхан
Сәкен Әлімхан. Видеодан кадр: instagram.com/sakenalimxan

Желіде Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" атты танымал, жоғары ноталы әнін орындаған ер адам оқырмандардың ықыласына бөленіп, тыңдармандар оған жағымды пікір қалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagam желісінде Сәкен Әлімхан есімді жігіттің орындауындағы Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әні көпшіліктің көңілінен шыққан.

Желіде пікір білдірушілердің көбі Диша Құдайбергеннен кейін осы әнді жоғары деңгейде орындаған осы жігіт деп баға берген.

"Бұл Игорь Крутойдың әнін ең алғашқы орындаған Лара Фабиан француз әншісі, одан кейін Димаш Құдайберген. Енді міне, осы ән сізге де өз берекесін, Алланың көмегімен нұрын төксін. Дұрыс екен, өсу керек, ізденіс болу керек", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

"Димаштың дауысы", ""Қазақ елі таланттарға бай", "Керемет орындау", "Шын өз дауысың ба?", "Шын талант", - деп оқырмандар таңданысын білдірді.

Сонымен қатар жігіттің ән орындауына Димаш Құдайбергеннің шетелдегі жанкүйерлері де пікір қалдырғанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031414-dimastyn-dauysy-igor-krutoidyn-tanymal-anin-naqysyna-keltirip-oryndagan-zigit-zurtty-tangaldyrdy-video/

pixel