Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазіргі уақытта Астанада су тапшылығы бар ма: әкім жауап берді

Опубликовано:

Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Үкімет үйінде мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Отырыста елорда әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады, деп хабарлады үкімет ресми сайтында.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспарын, 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасын және Көгалдандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар қала басшысы 3-ЖЭО-ның бірінші кезегінің және жалпы қуаты 1 130 Гкал болатын екі газ жылу станциясының құрылысы туралы айтып берді. Бұл тұрғын үй құрылысының қазіргі қарқыны сақталса, 2026 жылға дейін жылу энергиясы қорын жинауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Сумен жабдықтау бойынша ұзындығы 44 шақырым су құбырының екінші желісін салу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Нұра жер асты суларынан жүретін арнайы құрылыстар кешенін, Тельман сорғы станциясын кеңейтуді, Қ. Сәтпаев каналынан жүретін жаңа су құбырының жобаларын және төртінші сорғы-сүзгі станциясын пысықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жоспарлардың орындалуы 2035 жылға дейін қажетті қорды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда қалада су тапшылығы жоқ", - деді әкім баяндамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031481-qazirgi-uaqytta-astanada-su-tapsylygy-bar-ma-akim-zauap-berdi/

pixel