jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Абай мен Әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

Әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстары
Әл-Фараби даңғылындағы жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыдағы Абай мен әл-Фараби даңғылындағы жол жамылғысын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, қаладағы негізгі даңғылдарда көлік қозғалысы бекітілген кестеге сәйкес 31 тамызға қарай аяқталуы керек болған. Алайда жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр,

Әкімдік ақпаратынша, әл-Фараби даңғылының оңтүстік бетінде жұмыстар толығымен аяқталып, солтүстік бетінде Достық даңғылынан Ходжанов көшесіне дейін жөнделген болатын. Енді 5 тамыз сағ.23:00-ден 7 тамыз 06:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Гагарин даңғылына дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі. 6 тамыз күні Ходжанов көшесінен Дулати көшесіне дейін реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

"Абай даңғылында екі мердігер ұйым қатар жұмыс жасап жатыр. Батыс бағытта Достық даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Ал шығыс бағытта Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейінгі соңғы бөлік жөнделмек. Аталған бөлікте 6 тамыз сағ.23.00-ден 8 тамыз сағ.06.00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді. Реверсивті көлік қозғалысы кезінде әл-Фараби даңғылында жылдамдықты 40км/сағ шектеу туралы белгілер қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.

Жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс схемасы өзгертілді. Қозғалысы өзгерген автобустар тізімін әкімдіктің сайтынан білуге болады.

Алматыда Абай мен Әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.