jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматының Медеу ауданы суық судан уақытша ажыратылады

Краннан ағып тұрған су
Краннан ағып тұрған су. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Медеу ауданының кейбір аумағында суық су уақытша тоқтайды. Бұл туралы қалалық әкімдік Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, 8 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қазыбек би – Назарбаев – Құрманғазы – Қонаев; Қазыбек би – Назарбаев – Төле би – Қайырбеков көшелерінің контурында сумен жабдықтау қызметі уақытша тоқтатылады.

"Аталған аумақтардағы тұтынушыларды суық судан уақытша ажырату сумен жабдықтау желілері мен нысандарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты", - делінген хабарламада.

"Алматы Су" МКК уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.

Алматының Медеу ауданы суық судан уақытша ажыратылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.