Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"63 млн теңге залал келген": Жезқазғанда екі тұрғын қаржы пирамидасын жарнамалады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі ресми сайтында хабарлады.

Агенттік мәліметінше, аталған факті ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде анықталды.

"Күдікті тұлғалар "MetaGo" қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда ("YouTube" бейнехостинг сайты, "Whatsapp" және "Telegram" мессенджерлері, "Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілер), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген", - делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері тұрғындар 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 217 бабы 1-бөлігі бойынша адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы бойынша тергеу жүргізілуде.

Департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты "MetaGo" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Құзырлы орган Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Агенттік "MetaGo" компаниясының қызметінен зардап шеккен азаттарға тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031513-63-mln-tenge-zalal-kelgen-zezqazganda-eki-turgyn-qarzy-piramidasyn-zarnamalady-degen-kudikke-ilindi/

pixel