Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғылым және жоғары білім министрлігі биылғы грант иегерлеріне үндеу жасады

Жарияланған күні:

ЖОО
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгіннен бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

"Достар, өздеріңіз білетіндей, 5 тамызда білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

Бүгіннен бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыра алады. Талапкерлерді қабылдау 25 тамызды қоса алғанда жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлерге жеке куәлік, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат керек, ал техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом қажет. Сондай-ақ тапсыру керек құжаттардың ішінде № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі, білім грантын тағайындау туралы электрондық куәлік бар. Сонымен қатар жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.

Министрлік жоғары оқу орындарына қабылдау комиссиясының жұмысы 20 маусымда басталғанын еске салды.

Айта кетейік, 5 тамызда білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов грантқа ілікпей қалған талапкерлерге әлі де мүмкіндік бар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031515-gylym-zane-zogary-bilim-ministrligi-biylgy-grant-iegerlerine-undeu-zasady/