Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Опубликовано:

Мантия және кітаптар
Студент. Көрнекі фото: getty/stock photo

2023-2024 оқу жылына арналған Қазақстандағы ЖОО білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Министрліктің хабарлауынша, гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында Қазақстан парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары ассоциациясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Министрлік ақпаратынша, биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін мына мамандықтарға грант бөлінген:

  • педагогикалық, инженерлік, IT мамандықтарға және жаратылыстану ғылымдары бойынша Атырау облысына – 1500 грант;
  • Маңғыстау облысына – 1500 грант;
  • Ұлытау облысына – 300 грант;
  • Жетісу облысына – 300 грант;
  • Абай облысына – 500 грант;
  • Шымкент қаласына – 400 грант;
  • Түркістан облысына – 500 грант.

Министрлік мәліметінше, бір гранттық орынға ең үлкен конкурс "Стоматология" БББТ бойынша болған. Бұл мамандық бойынша бір орынға 22 талапкер үміткер болған. Ары қарай "Халықаралық қатынастар және дипломатия" (14 адам), Құқық (11 адам), "Музыка мұғалімдерін даярлау", "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" және "Психология" (10 адамнан) болды.

Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 20 мыңға жуық талапкер, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Сондай-ақ гранттарды үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді.

Министрлікте жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Грант иегерлерінің толық тізімімен мына сілтемеге>>> басып, таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031379-elimizde-memlekettik-bilim-granty-iegerlerinin-esimderi-belgili-boldy/

pixel