Ақтауда бір сыныпта оқыған барлық түлек грантқа ие болды
Жарияланған күні:
Ақтауда №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің 11 "А" сыныбында оқыған 23 оқушының барлығы жоғары оқу орнының грантына ие болды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.
Түлектердің сынып жетекшісі Ұлқия Максимованың сөзінше, №11 мамандандырылған физика-математика лицейінің түлектері биыл мемлекеттік грантқа ие болды.
Басылым мәліметінше, кейбір түлектер Түркия, Италия, Чехияда оқу үшін тіл курсына грант ұтып алған.
"Мемлекеттік грантты тағайындау конкурсына бұл түлектерден бөлек тағы 19 оқушымыз да қатысқан. Олардың барлығы грант жеңіп алды. Осы 19 оқушының 16-сы мемлекеттік шәкіртақыға ие болды", – дейді Ұлхия Максимова.
Айта кетейік, 5 тамызда білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов грантқа ілікпей қалған талапкерлерге әлі де мүмкіндік бар екенін айтты.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі 7 тамыздан бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031524-aqtauda-mektepterdin-birinde-bir-synyptyn-barlyq-tulegi-grantqa-ie-boldy/