Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл тұрғындары әтеш төбелесін ұйымдастырды

Опубликовано:

Әтеш
Әтеш. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында куәгерлер әтештердің төбелесін түсіріп алған. Полиция департаментінің баспасөз қызметінде әлеуметтік желіде жарияланған кадрларға қатысты түсініктеме берді.

Видеоға түсіп қалған әтештердің төбелесі EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланған. Кадрға құстарға арналған төбелес алаңы мен оның айналасында отырған көрермендер түсіп қалған. Сондай-ақ бейнежазбада алаң ортасында бір топ адамды және қолдарына әтеш ұстаған екі адамды көруге болады.

Автордың айтуынша, әтештер төбелесін Алматы облысы, Іле ауданы, Қоянқұс ауылының тұрғындары ұйымдастырған.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған видео анықталғаны туралы айтты. Полиция Іле ауданында әтештер төбелесі ұйымдастырылғанын растады.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша Іле аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазір жиналған материал Алматы облысының экономикалық тергеу қызметіне жіберіледі", - деп атап өтілді полиция департаментінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031536-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-ates-tobelesin-uiymdastyrdy/

pixel