Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде барлық коммуналдық кәсіпорын тексеріледі

Жарияланған күні:

Су көрсеткішін тексеріп жатқан маман
Су көрсеткішін тексеріп жатқан маман. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан бойынша барлық коммуналдық кәсіпорынды тексеретінін мәлімдеді. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тамыз айында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп 87 коммуналдық кәсіпорынды аралап (табиғи монополиялар субъектілері) жөндеу жұмыстарының барысын тексереді.

Министрлік БАҚ өкілдерін, жергілікті тұрғындар мен еріктілерді алдағы баспасөз турларына белсенді қатысуға шақырды.

Айта кетейік, Ақтөбеде қазандықтан ақау шығып, 200 пәтерлі екі көпқабатты үй ыстық сусыз қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031575-elimizde-barlyq-kommunaldyq-kasiporyn-tekseriledi/