Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазандықтан ақау шыққан: Ақтөбеде 200 пәтерлі екі көпқабатты үй ыстық сусыз қалды

Опубликовано:

Ыстық сусыз қалған тұрғындар
Ыстық сусыз қалған тұрғындар. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Ақтөбеде ыстық сусыз қалған екі жүз пәтерлі екі көпқабатты үйдің тұрғындары қыста да жылусыз қаламыз ба деп алаңдайды. Бұған жауапты мекемелер ақау шыққан қазандықты жөндеуге қыруар қаржы қажеттігін алға тартқан. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, тұрғын үйлерге жылу мен ыстық су беретін автономды қазандықтан ақау шыққан. Сенімгерлік басқаруға алған компания бас тартып отыр. Ал тұрғындар алдағы қыста жылусыз қаламыз ба деп қорқады.

Тілшілер мәлім еткендей, бұл 200 пәтерлі екі үй бес жыл бұрын пайдалануға берілген. Сол кезде құрылған кондоминум екі үйді жылумен қамтитын автономды қазандықты өз иелігіне алады. Алайда дұрыс игере алмағандықтан, үйді салған құрылыс компаниясына қарасты кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға бергеніне үш жыл өткен. Енді бұл компания тұрғындар қызмет ақысын толық төлемейді, қарызы көп дегенді айтып жұмысты жалғастырудан бас тартқан. Қазір қазандық электр желісінен ажыратылған. Үйлерде ыстық су жоқ.

"Бізге ыстық су керек бірінші. Екінші, жылу. Қыста жылусыз қалмайық дейміз. Қыс болса міне жақындап қалды, 1-2 ай қалды ғой", - дейді қала тұрғыны Жұмагүл Құлымбетова.

Телеарна ақпаратынша, тұрғындар бүгінгі күнге дейін қазандыққа ешқандай күтім жасалмағанын айтады. Оны жөндеп ретке келтіру үшін шамамен 30 млн теңгеден астам қаржы қажет екен. Ал бұған дейін қызмет еткен компания басшысы, жұмысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік жоқ дейді.

"Үш жыл өтті. Былтырғы таңда әкімшілік бір рет бізден өтініп сұрады тағы бір қыстан шығарып беріңіздер деп. Енді биылғы таңға дейін өздеріңіз қараңыздар 2 миллиондай халықтың қарызы бар. біріншіден. Екіншіден халықтың өздері келісімшартқа отырмайды. Біздің компания бігінгі таңда шығында отырмыз", - дейді басқарушы компанияның басшысы Рыскелді Такенов.

Билік өкілдері болса, мәселені екі үй тұрғындарынан құрылған пәтер иелері бірлестігі шешуі керек дейді. Себебі, заң жүзінде қазандық сол ұйымның балансында тұр.

"Енді қазіргі таңда осы үйде мүлікті меншік иелері бірлестігі құрылуына байланысты олар жылыту қазандығына энергия желісін қосу үшін қайта келісімшартқа отыруы қажет. Тұрғындарға айтылды. Сонымен қатар қазандықты апатты жағдайға әкелген жағдай болса олар сот арқылы шеше алады. Олар қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізсін, қазандықты ауыстырылсын деген сияқты", - дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі Ақнұр Қазбаева.

Телеарна дерегінше, қазір екі үйге ыстық су мен жылу беретін қазандыққа қаладағы ірі коммуналдық кәсіпорын уақытша техникалық қызмет көрсетіп отыр. Мамандары мәселе толық шешілгенге дейін осында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031407-qazandyqtan-aqau-syqqan-aqtobede-200-paterli-eki-kopqabatty-ui-ystyq-susyz-qaldy/

pixel