Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көкбауыр мен бүйректі алып тастады": ер адам полицейлер оны аяусыз соққыға жыққанына шағымданды (видео)

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны полицейлердің қатты соққысынан кейін оған ота жасалып, бірнеше мүшесі алынып тасталғанын айтты. Полиция департаментінде ер адамның сөзіне қатысты пікір білдірілді. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, 44 жастағы Виталий Чумаченко өзімен бірге тұратын әйелмен бірге Қиялы ауылындағы тоғанда демалып жатқан. Сол кезде оларға патрульдік көлікте тәртіп сақшылары келген. Ер адамның сөзінше, полицейлер оны мас күйінде квадроцикл басқарды деп ойлаған.

Бірер уақыт даудан кейін Виталий мен оның серігі көлікке отырғызылған, онда қазақстандықтың айтуынша, ол қатты соққыға жығылып, кінәсін мойындау туралы құжаттарға қол қоюға мәжбүр болған. Кейін Виталийдің сөзінше, полицейлер оны босатып, бірнеше күннен кейін қайта оралып, оған тағы да шабуыл жасаған. Оның ауруханаға түсуіне соңғы соққы себеп болған.

"Бүгін облыстық ауруханада жатқаныма 10 күн болды. Шамамен 12 күн бұрын Қиялы ауылдық округінің қызметкерлері (полиция бөлімшесінің – ред.) мені ұрып-соққаны сонша, көкбауырымды, бүйрегімді және денемнің тағы бір бөлігін алып тастауға тура келді.

Мұның барлығы қазір қызметкерлердің бақылауында. Тіпті анықтамада ненің салдарынан зардап шеккенім туралы және қандай диагнозбен келіп түскенім туралы жазылатынына күмәнім бар", – деді Виталий.

Барлық отадан кейін Виталий 102-ге қоңырау шалып, тәртіп сақшыларына қарсы арыз жазған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде журналистерге тергеу жүріп жатқаны туралы айтылды.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, куәгерлер сұралып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілді. СҚО полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы аталған фактіні Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркеп, Қылмыстық кодекстің 362 бабының 4-бөлігі "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгінде істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп жазады тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031601-kokbauyr-men-buirekti-alyp-tastady-er-adam-policeiler-ony-ayausyz-soqqyga-zyqqanyna-sagymdandy-video/

pixel