Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының полицейлері алаяқтарға жұмыс істеген "курьерді" ұстады

Опубликовано:

Ер адамның қолына кісен салуда
Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағанды облысында полицейлер алаяқтарға жұмыс істеген "курьерді" ұстады. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, 5 тамыз күні Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 75 жастағы зейнеткер арызбен жүгінген. Жәбірленушіге өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына түсіп қалғанын айтқан.

Алаяқтар 50 жастағы қызының кінәсі толық дәлелденгенін айтып, оны қылмыстық жауапкершілектен босату үшін ақша төлеуді талап еткен. Кейін қоңырау шалған белгісіз азамат телефон тұтқасын әйел адамға берген. Оның дауысы жәбірленушінің қызының дауысына ұқсас болған.

Не істерін білмей қалған жәбірленуші үйінде 19 000 евро және 14 700 АҚШ доллары бар екенін айтқан. Сол кезде қоңырау шалған адам оның үйіне "курьер" келетінін айтып, одан ешқайда бармауын сұраған.

Жедел әрекеттер барысында Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні Астана қаласындағы банкоматтардың бірінде ақша салып жатқан жерінен ұстаған. Күдікті 19 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды.

"Өкінішке қарай алаяқтық туралы ескертулерге қарамастан, алданып қалған адамдардан әлі де арыздар келіп түсуде. Жыл басынан бері Қарағанды қаласында "жол-көлік оқиғасына түсті және қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет" деген желеумен алданып қалу дерегі бойынша 80-нен астам арыз тіркелді. Жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы істерге қатысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталса, оның бесеуі кәмелеттік жасқа толмағандар болса, 13-і такси жүргізушілері. Егер де сіздерге белгісіз адамдар хабарласып, балаңыз немесе жақын туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті, жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет деген қоңыраулар болса, бірден телефон тұтқасын қойып, 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Жас азамат ақшаның қандай жолмен келіп жатқанын білген. Ұсталған сәтте күдіктіден 17 800 евро және 115 000 теңге ақша тәркіленді.

"Маған телефон соққан қыз баланың дауысы менің қызымның дауысына қатты ұқсады. Шынымды айтсам, қорқып кеттім. Қылмыскерді ұстап, ақшамды қайтарып берген тәртіп сақшыларына алғысым шексіз", – деді жәбірленуші Елизавета Громова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031615-qaragandy-oblysynyn-policeileri-alayaqtarga-zumys-istegen-kurerdi-ustady/

pixel