Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жездесі күдікке ілінді": Шымкентте жоғалған 18 жасар қыз өлі күйінде табылды

Опубликовано:

күдікті
Күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте 4 тамыз күні жоғалып, бірнеше күннен бері іздеуде болған 18 жасар бойжеткен өлі күйінде табылды. Бойжеткен әпкесінің үйіндегі жертөледен табылған, деп хабарлайды ІІМ Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2004 жылғы студент қыз 4 тамыз күні жоғалған. Ағасы оның үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын мәлімдеген болатын. Жоғалған қызды іздеу жұмыстары үш күн бойы жүргізілгенімен, қыз өлі күйінде табылған. Ведомство ұсынған мәліметтерге сай, оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған Түркістан облысының тумасының денесінен зорлық белгілері анықталған.

"Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ. 8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - деп мәлім етті ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031667-zezdesi-kudikke-ilindi-symkentte-zogalgan-18-zasar-qyz-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel