Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Димаштан кем емес": күрделі әнді нақышына келтіріп айтқан әскери қызметші желі қолданушыларын тәнті етті

Опубликовано:

Сәкен Әлімханов
Сәкен Әлімханов. Видеодан кадр: tiktok.com/@saken_alimkhanov

Композитор Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" (Қанаты талған аққулар махаббаты - ред.ауд.) әнін нақышына келтіре шырқаған әскери қызметшінің дауысына желі қолданушылары тәнті болуда. Димаштың күрделі әндерінің бірін орындаған Сәкен Әлімханов желіге жариялаған видеосы кең таралып кетеді деп ойламаған. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген желі жұлдызы өзі туралы айтып берді.

Сәкен Әлімхановтың орындауындағы ән Tik-Tok желісінде бүгінге дейін 41 мың лайк, 4000-нан астам пікір жинаған.

"Димаштан кем емес әнші жігіт", "Керемет, жарайсың! Димаш сияқты керемет орындайды, қазақ елінің мақтанышы болатын жігітіміз!", - дейді желі қолданушылары.

Сәкен ән айтып жүргеніне біраз уақыт болғанын айтады. Бірақ желіге жүктеген сол видеодан соң өзіне хабарласушылар көбейген.

"Видеоны әлеуметтік желіге өзім жүктедім. Содан кейін хабарласқандар, таңырқағандар көп болды. Бірақ ән айтуым бірінші рет емес", - дейді ол.

33 жастағы Сәкен Әлімханов Ұлттық ұланның Астанадағы 5573 әскери бөлімінде үш жылдан бері қызмет етеді. Ол Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисі. Астанадағы "Шабыт" Ұлттық өнер университетін "Дәстүрлі ән" мамандығы бойынша бітірген.

Сәкен Әлімханов
Сәкен Әлімханов. Фото: жеке мұрағатынан

Сәкен бала күнінен өнерден алыс емес екенін айтады. Өзі Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданы Ботақара ауылында дүниеге келген. Бала кезінен анасы өнерге бағыттап, талабын шыңдаған. Айтуынша, анасы Әсем Адамьянова да әнді керемет айтады.

Әскери бөлім ансамбль солисінің жетістіктері де жоқ емес. 2013 жылы Әмре Қашаубаев атындағы байқаудың бас жүлдесін және "Шабыт-2014" фестивалінің бас жүлдесін иеленді. 2022 жылы Башқұртстанның Уфа қаласында өткен халықаралық "Фонклериада" фестиваліне қатысты.

Сәкеннің шаңырағында бір ұл, бір қыз өсіп келеді. Келіншегі аудармашы болып жұмыс істейді.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031668-dimastan-kem-emes-kurdeli-andi-naqysyna-keltirip-aitqan-askeri-qyzmetsi-zeli-qoldanusylaryn-tanti-etti/

pixel