Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Сейфуллин даңғылының бір бөлігі бірнеше күнге жабылады

Опубликовано:

жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде. Бүгін Сейфуллин даңғылында Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін полимерлі асфальтбетонды төсеу жұмыстары жүргізіле бастайды, деп хабарлайды Telegram-дағы Almaty_Joly арнасы.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Сейфуллин даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде жұмыс аяқталып, Алматы-1 вокзалының айналмасынан Жұмабаев көшесіне дейін қозғалыс ашылды.

Енді полимерлі асфальтбетонды төсеу жұмыстары Сейфуллин даңғылының Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін жүргізілмек.

Бұл учаскеде 8 тамыз сағ. 23:00-ден 10 тамыз сағ. 07:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады.

Алматы картасы
Алматы картасы. Фото: Telegram/Almaty_joly

Ақан Сері, Жұмабаев, Жансүгіров және іргелес көшелер арқылы айналма жол қамтамасыз етіледі.

Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан Сері көшелері арқылы тура жол ашық болады.

Жол қозғалысын ұйымдастыруға 4 патрульдік полиция бригадасы жұмылдырылады.

Айта кетейік, Алматыдағы Сейфуллин даңғылы бойындағы жол мен тротуарларды орташа жөндеу жұмыстары маусым айының басында басталған болатын. Соңғы рет 13 жыл бұрын жөнделген.

Оңтүстік астанада жөндеу жұмыстарына байланысты әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде жаз бойына көлік қозғалысы шектелген. Кеше Әл-Фараби және Абай даңғылдарындағы жол жамылғысын орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031693-almatyda-seifullin-dangylynyn-bir-boligi-birnese-kunge-zabylady/

pixel