Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында Еуразия даласында кездеспейтін ірі көлемді көне пирамида табылды

Опубликовано:

пирамида
Көне пирамида табылған жер. Фото: Facebook/Ғылым және жоғары білім министрлігі

Абай облысы Абай ауданынан қола дәуіріне тиесілі ірі көлемді пирамида табылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Facebook парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Еуразия даласында кездеспейтін ірі көлемдегі қола дәуірінің дала пирамидасын Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археолог-ғалымдары тапты.

Қазба жұмыстары Абай облысында жүргізілуде.

Министрліктің хабарлауынша, ЕҰУ тарих факультеті археология және этнология кафедрасының ғалымдары Абай облысы Абай ауданы Тоқтамыс елді мекенінің жанындағы Қырықүңгір кешенді ескерткішінде археологиялық қазба жұмыстарын 2014 жылдан бастап жүргізіп келеді.

Оған университет студенттері мен магистранттары атсалысуда. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Еуразия даласында кездеспейтін ірі көлемдегі біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтың басы, яғни осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуірінің дала пирамидасы табылған.

"Дала пирамидасы өте дәлдікпен салынған, алты қырлы. Әрбір қырының арасы 13 метр және 8 қатар таспен қаланған. Ортасында бірнеше шеңберлері бар. Бұл – өте күрделі кешенді құрылыс. Сол кешендегі құрылыстың сыртындағы қабырғаларында әртүрлі жануарлардың, әсіресе жылқының суреттері басым бейнеленген. Сонымен бірге түйенің де бейнелері бар. Қазбадан табылған мәліметтер, қыш ыдыстар, әйел адамның алтын сырғасы және тағы басқа әшекей бұйымдар осы қола дәуірінің үлкен көне дәуірде мәдениеті, ошағы болғандығын көрсетеді. Бұл, яғни, сол кезеңнің өзінде жылқы культінің өте жоғары болғандығын сол тас құрылыстың айналасындағы жылқы сүйектерінің табылуы дәлелдеп отыр", - дейді тарихшы ғалым Ұлан Үмітқалиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта зерттеулер шетелдік ғалымдармен бірлесіп жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031705-abai-oblysynda-euraziya-dalasynda-kezdespeitin-iri-kolemdi-kone-piramida-tabyldy/

pixel