jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеде Жастар күні қарсаңында Taza Qala экологиялық акциясы өтті

Акцияға қатысушылар
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

8 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен Taza Qala акциясы өтті. Акция аясында қала жастары Ақтөбе су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалады.

Республикалық Жастар күнін атап өтуге арналған Тұжырымдама аясында 7-9 тамыз аралығында "Жастар Елге!" кешенді іс-шарасы аясында TAZA ALEM волонтерлық бағыты бойынша өткен экологиялық акция қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру мақсатында жүзеге асырылды.

Акцияға қатысушы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Акцияға орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков пен орталық қызметкерлері, Астана және Алматы аудандарының Пробация қызметінің қызметкерлері, студенттер мен белсенді жастар, қоғамдық бірлестік мүшелері жалпы саны 60 жуық адам қатысты.

Акцияға қатысушы
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Халықаралық жастар күні қарсаңында өткен акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал-жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғап пен экологиялық акцияға арналған футболка, кепкалармен қамтамасыз етіліп, олардың тасымалы үшін 3 автобус көлігі шығарылды.

Акция
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Орталық тарапынан жағалауларды тазалау жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Ақтөбеде Жастар күні қарсаңында Taza Qala экологиялық акциясы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.