Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желідегі тікелей эфирде ыңғайсыз жайтқа тап болған Шучинск әкіміне қатысты тексеру қорытындысы жария етілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Олжас Нұрмағамбетов
Щучинск қаласы әкімі Олжас Нұрмағамбетов. Фото: instagram.com/burabay_audanynyn_akimdigi

Ақмола облысының әкімдігі Щучинск қаласының желіде басы дауға қалған әкімі Олжас Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тексеру жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов туралы жарияланымға қатысты Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілетті қызметкері Айнагүл Жанаділова аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізгенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Нұрмағамбетовке қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолдану мәселесі қарастырылуда", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Щучинск қаласының әкімінің басы неге дауға қалды?

Щучинск әкімінің басы Instagram желісіндегі тікелей эфирден кейін дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары Олжас Нұрмағамбетовті қала тұрғындарына тіл тигізді деп айыптаған еді. Алайда әкімнің өзі мұны жоққа шығарды.

Мәселен Telegram каналдардың бірінде әкім желіде тікелей эфир өткізіп, оның барысында қала тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп бергені, содан кейін тұрғындардың сауалдарына жауап бермей, қоштасқаны айтылды.

"Сосын, трансляция аяқталды деп ойлаған ол: "Олар бұл сұрақтарды бір жеріне тықсын...", - деген сөзді айтқан.

Бұл ретте бейнежазба сақталмаған – әлеуметтік желілерде шенеуніктің көмекшісі бейнеленген хабарды соңғы кадрлар ғана жарияланды. Онда ол трансляцияны өшірмек болғанға ұқсайды.

Ал Бурабай ауданының әкімдігі болса, тікелей эфирде әдепсіз сөздер айтылмағанын мәлімдеді.

Кейін эфирдің толық жазбасын Олжас Нұрмағамбетовтің өзі жариялады. Кадрларға қарағанда, ол қала тұрғындары туралы айтпаған. Әкімнің пікірлер арасында сұрақ бар ма деп сұрағаны естіледі, ал жанындағы адам оған "түсініктемелерде сұрақ жоқ, тек бір мақалада ғана" деп жауап берді.

"Кетсінші ары (...) Оның мақаласына неге жауап беруіміз керек? Парақшасын (әлеуметтік желідегі – ред.) бір жеріне тығып қойсын", - деді әкім.

Ол сөзі үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031720-zelidegi-tikelei-efirde-yngaisyz-zaitqa-tap-bolgan-sucinsk-akimine-qatysty-tekseru-qorytyndysy-zariya-etildi/