Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңақорған ауданының әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты

Опубликовано:

Жаңақорған
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысындағы іргелі аудандардың бірі - Жаңақорған ауданында әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты. Халықтың әл-ауқатын арттыра отырып, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп келеді. Ауданның даму бағыты бойынша атқарылып жатқан және алдағы уақыттағы жұмыстарды ауданы әкімі Мұрат Тлеумбетов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Ауданның 2022 жылы бекітілген бюджетінде өз кірістері 2 млрд 645 млн теңге болса, осы жылы 709 млн теңгеге артып, 3 млрд 354 млн теңгемен бекітілген. Сонымен қатар есепті кезеңде аудан көлемінде 57,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 36,7 млрд теңгені құрады.

"Жаңақорған ауданында инвестиция көлемі 17,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Бұған қоса, 38 млрд теңгені құрайтын 10-ға тарта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда, "Шалқия Цинк" АҚ-ы кен байыту комбинатының құрылысын бастауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жоба құны 5,2 млрд теңге болатын жылына 3,5 мың тауық етін өндіретін, "Абдулла" шаруа қожалығының құс фабрикасы. Жобалық құны 1,2 млрд теңге болатын "Жан-Арай" ЖШС-нің 150 орынға арналған шипажай құрылысы. "Азимут-М" ЖШС-інің құны 160 млн теңгені құрайтын темір-бетон бұйымдарын шығару зауыты. Қожакент ауылының тұрғыны Үсенов Мейірбек (ДК "Жанайым") профнастил, гипс тақталарын орнату үшін пайдаланатын профиль шығару цехын іске қосты. Жаңақорған кентіне қарасты "Жаннұр" шаруа қожалығы сүт және ет бағытындағы 204 бас "сементал" асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алды. Жоба құны 81 млн теңге. Түгіскен ауылы Қазақбай өңірінде 20 гектар жерге мал шаруашылығын дамыту мен сүт өңдеу цехтарын ашу мақсатында база салуда. Қыраш ауылдық округінен "Qaratau Fruits" шаруа қожалығы 2022 жылдың соңында жалпы көлемі 50 гектар жайылымдық жер учаскесін суармалы жерге ауыстырды. 35 гектарды құрайтын қарқынды алма бағын (интенсивный сад) орналастыруда. Жоба құны 600 млн. теңге. Керекті құрал жабдықтары сатып алынып, қоршау жұмыстары жүргізіліп, 78500 түп жеміс ағаштарының көшеттері Түркия елінен алынып, егілді. Жаңақорған кентінде кәсіпкер С. Жұманқожаев жалпы құны 450,0 млн теңге болатын 3 сауда үйінің құрылысын салуда. Жеке кәсіпкер Е.Палманов "Айсара ана" сауда үйінің құрылысын салып, пайдалануға берді. Сондай-ақ 6 айда 3,5 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы ауданы 28 мың 899 шаршы метрге жеткізіліп, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады", - деді аудан әкімі.

Мұрат Тлеумбетов
Мұрат Тлеумбетов: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңақорған ауданында кәсіпкерлік саласы да жандануда. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар баршылық. Бүгінде ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 7 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,5 пайызға ұлғайған. Тиісінше бұл саладағы белсенділік көрсеткіші 96,8 пайызды құрап отыр.

"Аудан бойынша жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 230 жобаға 1 млрд 599 млн теңгенің қаржылай қолдауы көресетілді. Мәселен, 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 100,6 млн теңгені құрайтын 73 жоба грант жеңіп алса, 131 жобаға 1 млрд.200 млн теңгенің несиесі берілді. Бұған қоса, "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында несие алуға 3 млрд.400 млн теңгені құрайтын 505 жоба іріктелді. Ал бөлшек сауда көлемі 3 млрд.405 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 111,9 пайызды құрады", – деді аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031721-zanaqorgan-audanynyn-akimi-onirdin-aleumettik-ekonomikalyq-damuy-turaly-aitty/

pixel