Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таныстары мен туыстарына алданған қазақстандықтар 340 млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: Polisia.kz

Шымкентте 11 адам таныстары мен туыстарын 340 млн теңгеге сан соқтырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, Шымкент полициясына ұқсас мазмұнды арыз-шағыммен 235 адам жүгінген. Олар жалған тендермен айналысатын алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан.

"Жәбірленушілердің сөзінше, олардың таныстары "тендермен айналысатын бастығына" көмек қажет екенін алға тартып, несие рәсімдеуге үгіттеген. Кейін оларға жасаған жақсылығы үшін тиесілі үлесі берілетіні және банк алдындағы қарызы толық өтелетіні туралы уәде берілген", - дейді ведомствода.

Ведомство мәліметінше, көбінесе олар несиені тауар ретінде рәсімдеп, алынған қымбат техниканы қайта сатып, шыққан соманың 10-12 пайызын сыйақы ретінде беріп отырған. Алайда ай сайынғы төлем уақыты келгенде, күдіктілер қоңырауға жауап бермей, "ізін суытқан". Осылайша несие өсімі көбейіп, азаматтар қарызға батқан.

11 адамнан тұратын қылмыстық топтың құрбандары Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді.

"Белгілі болғандай, алаяқтар тобы 23-43 жас аралығындағы 4 әйел және 7 ер адамнан тұрған. Оның ішінде екі банк менеджері бар.

Топ мүшесінің әрқайсысында өз міндеті болған: біреуі несие алатын адамдарды табумен, тағы екеуі оны рәсімдеумен, қалғандары сатып алынған тауарларды алып-сатумен айналысқан", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, келтірілген жалпы шығын көлемі 340 млн теңгеге жуық соманы құрады. Арызданушылар әр түрлі банктен 250 мың теңгеден 6 млн теңгеге дейін қарыз алған.

Тәртіп сақшылары жиналған іс-құжаттарды айыптау актісімен сотқа жолдады.

Айыпталушылардың әрқайсысы жасаған қылмысы үшін 5 жылға дейін сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031792-tanystary-men-tuystaryna-aldangan-qazaqstandyqtar-340-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel