Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еуроодақ елдеріне жол тартқан": БҚО-да шетелдік туристер ұсталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
ҰҚК қызметкерлері
ҰҚК қызметкерлері. Фото: t.me/knbgov_kz

Бүгін, 9 тамызда Батыс Қазақстан облысының Ресеймен шекарасында елімізге турист ретінде келген бес шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, 4 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады.

"Аталған адамдар Қазақстан республикасына әуе жолымен турист ретінде келген.

Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан", деп атап өтті ҰҚК.

Ведомство ақпаратынша, ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031811-euroodaq-elderine-zol-tartqan-bqo-da-seteldik-turister-ustaldy/