Халықаралық жастар күні қарсаңында "Tulga Bol" жылжымалы жәрмеңкесі өтті
Жарияланған күні:
9 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық Жастар күнін атап өтуге арналған республикалық тұжырымдама аясында 9-11 тамыз аралығында «Жастар- ел дамуының басты драйвері!» кешенді іс-шарасымен Ақшат аулында «TULGA BOL» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде ауыл жастарына Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Сисен Нысанбай ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жастар тәжірбиесі және кәсіпкерлікке 2,5 % жеңілдікпен несие беру қағидаттары жөнінде толық ақпарат берді.
Сонымен қатар жылжымалы жәрмеңкеде Ақшат ауылының жастарына «Отбасы Банк» АҚ мамандары Елтөре Балабай және Айгерим Карлыгашкалиева «Жас отбасы», «Жалға берілетін тұрғын үй», «Жастарға арналған тұрғын үй» бағдарламалары туралы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының және «Атамекен» студенттік отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері Рысты Сергалева жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары және «Атамекен» студенттік отрядтында жұмысқа орналасу қағидалары туралы ақпараттандырды.
«TULGA BOL» жылжымалы кеңес беру жәрмеңкесіне қатысқан Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Қожабеков ауыл жастарына орталықты таныстырып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды атап өтсе, Орталық басшысының орынбасары Айдарбек Самат Ақшат ауылының жастарына волонтерлік қызмет жайында ақпарат беріп, ауыл жастарын игі істерге атсалысып, волонтерлар қатарына қосылуға шақырды.
Ақшат ауылында өткен жылжымалы жәрмеңкеге 50-ге жуық ауыл жасы қатысып, әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031858-xalyqaralyq-zastar-kuni-qarsanynda-tulga-bol-zylzymaly-zarmenkesi-otti/