Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысы қымбаттады

Опубликовано:

Қоғамдық көлік
Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтерілді. Бұл туралы қалалық мәслихатта айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жол жүру ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлейтін болсаңыз — 100 теңге, қолма-қол ақшамен төлем жасайтын болсаңыз — 200 теңге болады. Жол жүру ақысын көтеруді қала мәслихатының депутаттары кезектен тыс VII сессия барысында қолдады.

"Алматыда жолаушылар тасымалының тарифі 11 жыл бұрын бекітілген. Қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығынын өтемейді, өйткені нақты тариф бекітілгеннен үш есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын шығындарды өтейді. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд теңгені құрады.

2022 жылмен салыстырғанда биыл төленген субсидия көлемі екі есеге жуық өсті. Жаңа тарифтерді қолма-қол ақшасыз төлем жасайтындарға — 100 теңге және қолма-қол ақшамен төлем жасайтындарға — 200 теңге деңгейінде бекіту ұсынылып отыр", — деді жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

"Ашық НҚА" порталында айтылғандай, мөлшерлеме 2012 жылы белгіленіп, бүгінгі күнге дейін өзгермеген.

"2017 жылдан бастап қолма-қол ақшамен төлейтіндерге жолақы 150 теңге болып бекітілді. Соңғы 11 жылда тасымалдаушылардың барлық шығынының құны айтарлықтай өсті. Мысалы, дизельдік отынның құны 90 теңге болды, бүгінде ол — 295 теңге, газ құны 33 теңге болса, бүгінде ол — 108 теңге болып белгіленді. Қалған шығындар, соның ішінде автобустардың құны да осындай", — делінген құжатта.

Тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға кететін шығындар өскені де атап өтілді. Олар 2017 жылдан 2022 жылға дейін 13,8 есеге, яғни 6,9 млрд теңгеден 50 млрд теңгеге дейін өсті. Биылғы жылы субсидиялаудың болжамды көлемі шамамен 85,5 млрд теңгені құрады.

"Осылайша, қоғамдық көлік тарифінің ағымдағы құнын сақтай отырып, субсидиялар көлемі жылдан-жылға артып, жергілікті бюджетке ауыр салмақ түсіреді.

Айта кету керек, тарифтің орташа құны Тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес ағымдағы жылы 425 теңгені құрайтынын айта кету керек", — делінген құжатта.

Ережеге сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру тарифі тасымалдаушылар шығынын ескере отырып жүйелі түрде қайта қаралып тұруы керек, деп хабарлайды қала әкімдігі. Соңғы онжылдықтағы жалпы бағаның өсуі аясында жол жүру құны 2012 жылдан бері жанармай мен газ 300%-ға қымбаттағанына қарамастан, жасанды түрде бұрынғы деңгейде ұсталды.

"Инфляцияны, жанар-жағармай мен тұтынылатын қосалқы бөлшектер бағасының өсуін ескерсек, жыл сайын төленетін субсидия көлемі 10-нан 30 пайызға дейін өседі", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, жол ақысын аталған деңгейде көтеру биылғы жылы субсидия көлемін шамамен 10 миллиард теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қала әкімдігі жолаушылардың дені үшін жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайтынын атап өтті. Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін пайдаланатындар үшін сома шамалы ғана өседі.

"Алматы көлік холдингі" ЖШС мәліметі бойынша, жол жүру ақысын барлық жолаушының 97%-ға жуығы Оңай картасымен төлейді, оның ішінде Оңай қосымшасында QR коды немесе SMS арқылы төлейді. Жалпы күніне 1,4 миллионға дейін адам қоғамдық көлікті пайдаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031862-almatynyn-qogamdyq-kolikterinde-zol-zuru-aqysy-qymbattady/

pixel