jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда Yandex.kz домені неліктен өшірілді: министрлік жауап берді

Яндекс ғимараты
Яндекс ғимараты. Көрнекі фото: NUR.KZ / Виктор Николаев

Қазақстанда Yandex.kz домені ашылмай қалды. Қолданушыларға сайтқа кіру қолжетімсіз екендігі жөнінде хабарлама шығуда. Осы жайтқа қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазір доменді ашқан кезде қолданушылар "Сайтқа кіру мүмкін емес" деген хабарлама көреді.

Ал хостинг провайдерлерінің бірінің басшысы бұған Қазақстанда орналастыру ережелерінің бұзылуы себеп болғанын айтты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі NUR.KZ тілшісіне болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"2023 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелерінің 16-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде интернет-ресурсты аппараттық-бағдарламалық кешендерге орналастырғаны үшін www.yandex.kz домендік атауының жұмысы тоқтатылды", - деді министрліктен.

Сонымен қатар NUR.KZ тілшісі ЯндексGo компаниясынан пікір білдіруді сұрады.

"Біз ай сайынғы аудиториясы 10 миллионға жуық пайдаланушыны құрайтын Қазақстанда қызметтеріміздің қолжетімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яндекс әрқашан жұмыс істейтін барлық елдерде жергілікті заңнама талаптарын сақтайды. Біз бұл мәселені шешу үшін жергілікті реттеуші және тіркеушімен диалог жүргізіп жатырмыз", - деді компаниядан.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында "Яндекс" сервистерінің жұмысында ақау пайда болғаны хабарланған болатын.

Қазақстанда Yandex.kz домені неліктен өшірілді: министрлік жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.