Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 8 жастағы қызды зорлаған ер адам сот үкімімен қылмыстық жазадан босатылды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға былтыр шілде айында болған. Күдікті ұрлық үшін сотталып, өз жазасын еркін режимдегі колонияда өтеп жүрген. Түзету мекемесінің ережесіне сәйкес сотталғандарға қалада жұмыс істеуге рұқсат етілген.

2022 жылы шілденің 13 күні кешкі сағат алтыда ол жұмыстан шығып, көше бойында ойнап жүрген қызды зорлап кеткен. Тергеу мен сот процесі бір жылға созылған. Ал бүгін күдіктінің колонияға емес, психиатриялық диспансерге жіберілетіні белгілі болды.

Тергеу барысында оның есінен адасқаны дәлелденген.

"М. есінен адасқандықтан қылмыстық жазадан босатылсын. М. үш рет психиатриялық сараптамадан өтті. Оны сала мамандары жарты жыл бойы бақылады. Сондықтан оның ақыл-есінде психиатриялық ауытқудың барына күмән жоқ", - дейді үкімді оқыған СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031897-petropavlda-8-zastagy-qyzdy-zorlagan-kudikti-sot-ukimimen-qylmystyq-zazadan-bosatyldy/

pixel