Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтарға алданған әжейдің 2 млн теңгесі курьер жігіттердің арқасында өз қалтасында қалды

Опубликовано:

Ер адам ұялы телефон қарап отыр
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбеде қырағы курьерлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарды. Облыстық полиция департаментінің бастығы азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдың хабарлауынша, 8 тамызда 75 жастағы ақтөбелік зейнеткер әжейге телефон алаяқтары хабарласып, қызының жол-көлік оқиғасына тап болғанына сендірген. Өздерін полицей ретінде таныстырғандар қызын "құтқару" үшін зейнеткерден ірі көлемде ақша талап еткен.

"Ақшаны әкелу үшін алаяқтар қаладағы танымал курьерлік және такси қызметтерінің қызметіне жүгінген. Мекенжайға келген 17 жастағы велосипедші-курьер өзіне зейнеткер әжей берген сөмкені алып, тапсырыс берушінің талаптары бойынша оны такси жүргізушісіне апарып берген. Сөмкені алу кезінде 28 жастағы такси жүргізушісі оның ішіне ірі көлемдегі ақша барын байқаған. Курьерден мән-жайды сұрап білгеннен кейін, бұл полицейлер жиі дабыл қағып жүрген телефон алаяқтарының іс-әрекеті болуы мүмкін екендігін түсінген. Осыдан кейін екеуі 2 млн теңге ақша салынған сөмкені полиция бекетіне әкеліп тапсырған. Осылайша жеткізу қызметін ұсынушы азаматтардың қырағылығы мен адалдығының арқасында алаяқтардың кезекті қылмыстық пиғылына тосқауыл қойылып, зейнеткердің жинақ ақшасы өзіне қайтарылды", - делінген хабарламада.

Медиа-портал мәліметінше, қазіргі таңда полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша іс қозғап, алаяқтарды анықтау мен ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Ал азаматтық белсенділік, адамгершілік пен қырағылық танытып, зейнеткерді алаяқтардан құтқарған қосқан қос азаматты Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпоав марапаттап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы үшін алғысын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031903-alayaqtarga-aldangan-azeidin-2-mln-tengesi-kurer-zigitterdin-arqasynda-oz-qaltasynda-qaldy/

pixel