Бүгін елдегі ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Бейсенбі, 10 тамызда Астанада күн күркіреп, Алматы мен Шымкентте ыстық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін елордада күн күркіреп, жел 5-10 м/с дейін күшейеді. Бұл ретте екпіні 15 м/с дейін жетеді. Күндіз сынап бағанасы 27-29 градус жылыны көрсетсе, түнде 13-15 градусқа дейін суытады. Найзағай салдарынан Астанада дауылдық ескерту жарияланды.
Алматыда бүгін күн ашық болады деп болжануда. Күндіз 32-34 градус, түнде 21-23 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы - 3-8 м/с.
Шымкентте де күн ашық, күндіз 34-36 градус ыстық болса, түнде ауа температурас 21-23 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031913-bugin-eldegi-iri-qalalarda-aua-raiy-qandai-bolady/