Түркістан облысындағы тойдың видеосы полицияның назарын аудартты
Жарияланған күні:
Түркістан облысында түсірілген үйлену тойының видеосы полицияның назарына ілікті. Кортеж жүргізушілерінің бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ІІМ Telegram арнасында.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасы анықталды", - деп хабарлады полициядан.
Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісі ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Бұл ретте жүргізуші кінәсін толық мойындады.
Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып, тәртіп сақшылары оларды іздеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031961-turkistan-oblysyndagy-toidyn-videosy-policiyanyn-nazaryn-audartty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.