Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыйлық қоры 70 млн теңге": Chocofood 10 жылдығына орай сыйлықтан шашу шашпақ

Жарияланған күні:

Chocofood
Иллюстрациялық фото: Chocofood

Тағам жеткізумен айналысатын елдегі жетекші әрі жалғыз отандық Chocofood сервисіне 10 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға орай компания сыйлықтың сан түрін ұсынатын үлкен ұтыс ойнын ұйымдастырмақ. Ұтыс ойны 14 тамызда басталады. Мерейтойлық науқанның сыйлық қоры 70 млн теңгені құрайды. Ұтыс ойнына қатысу ережелері мен сыйлықтар туралы ақпарат келесі мақаламызда және сервистің Instagram парақшасында жарияланады.

Chocofood - қазақстандықтарға алғаш рет үйге тағам алдыруды сезіндірген бірегей сервис. Отандық өнім бүгінде өз саласында әлемдік компаниялармен лайықты бәсекелесіп қана қоймай, Қазақстанның 12 аймағында көш басында келеді.

Сервистің артықшылығы - тағамды уақытылы жеткізетінінде. Қазіргі таңда барлық тапсырыстың 87%-ы уақытылы орындалады. Ал қандай да мәселе туындаса операторлар чат арқылы 1 минутқа жетпейтін уақытта жауап береді.

Өнім Forbes-тың Қазақстандағы ең жылдам өсіп келе жатқан компаниялар рейтингіне еніп, Award.kz ұлттық интернет-премиясының Желілік сервистер аталымында жүлдегер атанған.

Cервисті осы он жыл ішінде бір миллионнан аса тұтынушы қолданған. Осы бір жылда олардың саны үш жүз мыңға жеткен. Chocofood бұл жетістікпен тоқтап қалуды ойламайды. Мақсаты айқын, жоспары нақты.

Ал алғашқы үлкен мерейтойды кең көлемде атап өткелі отыр. Сыйлықтан құр қалмас үшін назарыңыз сервистің ресми парақшасында болсын!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2031974-syilyq-qory-70-mln-tenge-chocofood-10-zyldygyna-orai-syilyqtan-sasu-saspaq/