jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда омикронның жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін бе

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа Eris атты омикрон штамының пайда болуына байланысты Қазақстанда қайтадан шектеулер енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бас санитариялық дәрігер коронавирустың жаңа штамы Eris наурыз айының соңында пайда болғанын және қазір әлем бойынша таралып жатқанын еске салды – бұл омикрон түрі бүгінде 45 елде анықталған.

"Соңғы 5 аптада оның таралу көрсеткіші белсенді түрде өсуде, егер 5 апта бұрын бұл штамм жалпы омикрон көлемінің тек 5 пайызын құраса, бүгінде – ол 12 пайызын құрайды.

Сондай-ақ оны (аталған штамм - ред.) омикронның басқа штамдарынан ерекше ететін белгілер анықталған жоқ – ол да жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтеді және жедел ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – деді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитариялық дәрігерге жаңа штамм елде белсенді түрде таралатын болса, Қазақстанда COVID-ке қатысты қайта шектеулер қабылдануы мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

"Әзірге бұл туралы айту ерте. Қолымыздағы деректерге сүйенсек, омикронның бұл түрі ауыр өтетініне ешқандай дәлел жоқ. (... ) Омикронның кез келген түрі тек жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар адамдар мен қарттарға қауіп төндіреді. Сондықтан қазір шектеу шараларын енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқпыз", – деп жауап берді спикер.

Қазақстанда омикронның жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.