Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте гүл сататын жігітті қорқытқан "прокурордың ұлы" елден кешірім сұрады

Опубликовано:

Ер адам гүл сататын дүкенде
Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

Otyrar.kz басылымы өзінің Telegram арнасында гүл сататын жігітті қорқытқан ер адамның кешірім сұраған видеосын жариялады.

Видеодағы ер адамның сөзінше, оның прокуратураға еш қатысы жоқ.

"Мен Қалменов Жасұлан Еркінұлы 2023 жылғы 8 тамызда шамамен сағат түнгі 3-те "Романтик" дүкенінен гүл сатып алдым. Мас болдым және бейәдеп сөздер айтқанымды мойындаймын. Қоғам алдында кешірім сұраймын. Мен прокурордың ұлы емеспін, туыстарымда прокуратура қызметкері емес. Әкем 32 жыл бұрын қайтыс болған, анам - зейнеткер", - деп келтіреді басылым жігіттің сөзін.

Айта кетсек, оқиға кеше Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде болды. Үш ер адам қызметкерді қайшымен қорқытқан. Гүл дүкенінің директоры күдіктілердің мас болып, бейәдеп сөздер айтқанын мәлімдеген.

Қоқан-лоқы жасағаннан кейін олар дүкеннен үлкен букетті алып кеткен.

Жанжалға Шымкент прокуратурасы да пікір білдірген. Құзырлы орган күдіктілердің прокуратураға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032037-symkentte-gul-satatyn-zigitti-qorqytqan-prokurordyn-uly-elden-kesirim-surady/

pixel