jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Жаңбыр мен найзағай": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, жұма күні ел мегаполистерінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктер ақпаратынша, Астанада бүгін күн көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 м/с, найзағай кезінде 15-18 м/с дейін жетеді. Елордада күндіз ауа температурасы 20... 22 градусқа көтерілсе, түнде 13... 15 градусқа төмендейді деп күтілуде.

Алматыда да бүгін күндіз күн көшпелі бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал түнде жауын-шашын болмайды. Оңтүстік астанада күндіз термометр 30... 32 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Шымкентте керісінше, бүгін күн ашық. Күндіз термометр 32... 34 градусты көрсетсе, түнде мегаполисте ауа температурасы 20... 22 градусқа төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.

"Жаңбыр мен найзағай": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.