Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тіркелмеген үй жануарларын анықтайтындар үйлерді аралай ма: министрлік жауабы

Опубликовано:

мысық
Мысық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Экология министрлігінде әзірге инспекторлар чип енгізілмеген үй жануарларын анықтау үшін тексеру жүргізбейтіні туралы айтылды. Бұл туралы "КТК" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, азаматтар үй жануарларына чип енгізуге, бирка тағуға тек 1 қыркүйектен бастап міндеттеледі.

Министрлікте жануар тіркелмеген жағдайда оның иесіне 34 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынатыны атап өтілді.

Тек әлеуметтік осал топтағы адамдарға үй жануарларын тегін чиптеу мүмкіндігі қарастырылған.

Тіркелген үй жануарларын анықтау үшін учаскелік инспекторлар үй-үйді аралайтын болады. Бұл тілшілердің сөзінше, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

Алайда жуырда Экология министрлігінде әзірге мұндай рейд жүргізілмейді деп сендірген еді.

"Жануарларға қатыгездік көрсету және жауапкершілікпен қарамау туралы Қазақстан заңнамасы бұзылған жағдайда әкімшілік істерді ішкі істер органдары, орман шаруашылығы, жануарларды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайды.

Қазір чип енгізілген үй жануарларды тексеру бойынша ішкі істер органдарының қатысуымен рейд жасау жоспарланған жоқ", - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетейік, бұған дейін әрбір қазақстандық 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын тіркеу ақысын өзі төлеуге тиіс екені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032053-qazaqstanda-tirkelmegen-ui-zanuarlaryn-anyqtaityndar-uilerdi-aralai-ma-ministrlik-zauaby/

pixel