Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қисайып кеткен": Петропавлда салынып жатқан ЖЭО-2 құбырының құрылысы тоқтатылды

Опубликовано:

ЖЭО-2 жөндеу жұмыстары
ЖЭО-2 жөндеу жұмыстары. Фото: "Солтүстік Қазэнерго" АҚ

Өткен жылдың наурыз айында Петропавлда опырылған ЖЭО-2 құбырының орнына салынып жатқан жаңа құбыр қисайып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Солтүстік Қазэнерго" АҚ Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Петропавлда "Солтүстік Қазэнерго" компаниясы бүгінде аталған нысандар күрделі және ағымдағы жөндеуден өткенін хабарлады. Күз басталмай тұрып қазандық агрегаттары мен турбогенераторларды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, ЖЭО-2 "Солтүстік Қазэнерго" АҚ компаниясына тиесілі.

"Негізгі жобалардың бірі - Петропавлдағы ЖЭО-2 мұржасының құрылысы. Ұзындығы 180 метрлік жаңа мұржаны келесі жылы іске қосу жоспарлануда", - деді компания өкілдері.

Алайда 8 тамызда мұржаның құрылысы кезінде оның осі жобалық нұсқасынан ауытқығаны анықталды.

"Нысан құрылысының мердігері — "КазтеплоСПЕЦСТРОЙ" ЖШС. Құбыр шахтасының құрылысы бойынша жұмыс дереу тоқтатылды.

Осылайша нысанды тексеру кезінде құбыр оқпанын салуда қолданылатын конустық жылжымалы қалыптан табылған ақау құбырдың осьтен ауытқуына әкеп соқтырғаны анықталды", - делінген "Солтүстік Қазэнерго" компаниясының хабарламасында.

Қазір жобалау ұйымы құбыр оқпанының шекті биіктігін анықтау үшін тиісті есептеулерді жүргізуде, кейін құрылыс жұмысы жалғасады. Бұл ретте оқпан демонтаждалатын болады.

"Биіктік белгісін анықтағаннан кейін демонтаждаймыз. Содан соң жаңа қалып орнатылып, мұржа құрылысы тез арада жанданады", - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2032089-qisaiyp-ketken-petropavlda-salynyp-zatqan-zeo-2-qubyrynyn-qurylysy-toqtatyldy/

pixel